Бас жаңалықтар
Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді
25 Қазан 2020, 01:10 194

Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп жатыр. Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көптен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыздың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра болды. 32 жастағы Оливейра бүгін 19-жекпе-жегіне шықты. «Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек қазақстандық файтердің жеңісімен аяқталды. Үш раундқа жоспарланған кездесу алғашқы раундта аяқталды, - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, Шавкат Рахмонов өзінің мансабындағы 13-жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Фото: дереккөз
Загрузка...