Шәукенова: Біз індетпен күресте бір-бірімізге бүкілхалықтық қолдау көрсетуіміз керек

8 Сәуір 2020, 15:23
1902
Бөлісу:
Шәукенова: Біз індетпен күресте бір-бірімізге бүкілхалықтық қолдау көрсетуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы жарияланды. Оның негізгі идеясы мақаланың дәл атауында тұр - «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді».

Елбасы мақаласына орай ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова өз ойымен бөлісті.

Тәуелсіздік жылдары, еліміздің ең қиын және сыни кезеңдерінде Елбасы өз ойын үнемі ашық талқылап, халықпен бөлісіп отырды. Қазіргі уақытта коронавирус пандемиясы таралуы бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп, әлемнің көптеген мемлекеттерін әбігерге салып, біздің ұлтымыздың денсаулығына елеулі қауіп төндірген кезде Нұрсұлтан Әбішұлы қазақстандықтарға жақсылық пен аман-саулық тілеп, барлығымызды төзімділікке және сабырлылыққа шақырды – дейді саясаттанушы.

Оның ойынша бүгінгі қиындықтар және оларды қалай жеңетініміз біз үшін кемелдік емтиханы болмақ.

Елбасы "Бүгінгі Қазақстан – Кеңес Одағы ыдыраған кездегі 90-шы жылдардағы Қазақстан емес", – деп әділ айтты. Өмір – ауқымды күш-жігер мен қомақты қаржы жұмсалған және елді болашақ күтпеген күйзелістерден қорғау үшін жүргізілген реформалардың дұрыстығын дәлелдеді. Әлемнің барлық мемлекеттері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып пандемиямен күреске қосылды. Алдын алу іс-шаралар жүйелі жүргізілді. Тиісті мемлекеттік органдар арнайы даярлықтан өтті. Шетелдерде пандемияның дамуы мен таралу барысы зерттелді. Нәтижесінде біз өз мүмкіндіктерімізбен оның жолында тосқауыл қоя алдық. Коронавирус жағдайы тәулік бойы бақылауға алынды. Жағдайды тұрақтандыру үшін көптеген жұмыстар атқарылды және бұл жұмыс әрі қарай жалғасып келеді. Біз осы игі шараларға бүкілхалықтық және барлық жерде қолдау көрсетуіміз керек – дейді Зарема Шәукенова.

Ол бұл жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұйымдастырушылық пен ұқыптылық қырын таныта білді деп санайды.

Біз Мемлекет басшысының бұдан басқа да жақсы қасиеттерін көрсете отырып жариялаған дағдарысқа қарсы шараларын жүзеге асыруға кірісуіміз керек. Көмекке мұқтаж адамдарға ерекше қамқорлық жасау қажет. Басқаша айтқанда, әрбір қазақстандық өз өмірін әлеуметтанушылардың атап өтетіндей, дағдарысқа қарсы режимдегі габитусты түзетуі тиіс. Көп нәрсе қоғамның дағдарысқа қарсы бірыңғай команда бола алатынына байланысты. Адамдарға кейде күмән, реніш, наразылық минуттарын бастан кешіруге тән. Кейде біз өз күшімізге сенбейміз, бастамаларды күмәнмен, сенімсіздікпен бағалаймыз, өзіміздің тәжірибемізге сенімсіздікпен, ал сонымен қатар басқаның тәжірибесіне сенеміз, бір бастаған жұмысты толыққанды істемеуге, көбінесе имитациялық мінез-құлық үлгілеріне бейімбіз – дейді ол.

Зарема Шәукенова сонымен қатар, әлеуметтік деректерге сәйкес қоғамның дағдарыстық жағдайларында ерекше сипат танытатынын атап өтті.

Қиындықтарды шыдамдылықпен көтере отырып, түрлі, соның ішінде күрделі жағдайлардан шығу жолдарын іздеуіміз керек. Бұл сапа саясатта тұрақтылығымен, этносаралық және конфессияаралық келісіммен әрдайым ерекшеленетін Қазақстанға тән. Елбасы құрған және халқымыз қолдайтын саясатқа. Бұл – бүгінгі күрделі жағдайда көрініс табуы қажет болатын Қазақстанның негізгі артықшылықтары. Қазақстандықтар арасындағы әлеуметтік оптимизмнің доминанты – бұл біздің еліміздің одан әрі дамуы үшін дағдарыс уақытын еңсеру үшін маңызды құндылық. Бірақ  кез келген ресурс ретінде ол толықтыруды талап етеді. Ең ауыр кезеңдерде қадір-қасиетін жоғалтпаған, әрдайым бірлігімен, мейірімділігімен, қуанышымен, қайырымдылығымен ерекшеленетін барша халыққа алғыс білдіре отырып, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы осындай қиын уақытта қазақстандықтардың рухын қолдауда, қиындықтарға алаңдамай біздің бірлік пен келісімді сақтаймыз деген сенім ұялатады. Біз міндетті түрде жеңеміз, өйткені біз біргеміз – дейді ҚСЗИ директоры.
Өзгелердің жаңалығы