Тараздық кәсіпкер «Шарж» қиярымен шаруашылығын дөңгелетіп отыр

11 Мамыр 2019, 11:08
1935
Бөлісу:
Тараздық кәсіпкер «Шарж» қиярымен шаруашылығын дөңгелетіп отыр
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласының іргесінен орын тепкен «Азамат» шаруа қожалығының жылыжайында қияр егіледі. Жылыжай меңгерушісі Нұржан Көпбергенов бұл іспен айналысып жатқандарына 4-5 жылдың жүзі болғанын айтады. 

«Жылына екі рет, көктем және күз айларында өнім жинап аламыз. Көлемі бір гектарды құрайтын алқаптан алынатын өнімнің жылдық қуаты 400 тонна шамасында болады. Қазір мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табыстары 70-80 мың теңгенің көлемінде», - деді Нұржан Көпбергенов

Шаруашылықтың негізгі бағыты жылыжайда қорғалған топырақта көкөніс дақылдарын өсіру екен. Сондай-ақ, жылыжайдың құрылысына әу баста 157289,0 мың теңге жұмсалған. 

Нұржан Көпбергеновтің айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шарты бойынша жылыжайға электр желісі мен газ құбырын тарту үшін жалпы құны 23 млн 321 мың теңге қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарымен «Пырақ-Құрылыс» ЖШС мен «ГазБірлікСервис» ЖШС құрылысшылары айналысқан. 

«Сөз орайында құрылысшыларға сапалы жұмысы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мұнда жыл сайын қиярдың өнімділігі жоғары «Шарж» тұқымын өсіреміз», - деді шаруашылық жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы