Шарын шатқалында заманауи ойын сауық паркі салынады

15 Наурыз 2019, 20:49
2917
Бөлісу:
Шарын шатқалында заманауи ойын сауық паркі салынады

Астана, BAQ.KZ. Заманауи ойын сауық паркінің құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы Алматы облысы Кеген ауданының әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әлемдік стандарқа сай «Park Canyon» ойын сауық паркінің құрылысы осы жылы басталып 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Кеген ауданының әкімі Талғат Байедиловтың айтуынша, бұл жоба таулы аймақтың туристік әлеуетін айтарлықтай көтерілмек.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 24 га жер телімі бөлініп отыр. Жер кепкенен кейін бірінші кезекте 700 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары бастайды. Жоба іске қосылған жағдайда жылына орта есеппен 375 млн. теңгеге ақылы туристік қызмет көрсететін болады. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жылына 47 млн.теңге қаражат түсіреді деп жоспарлап отырмыз», - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, бұл нысанның жанынан үш бірдей аспалы көпір салынады. Шатқалдағы бұл өткелдің ұзындығы 200 метр болса биіктігі 80 метрге жетеді. Бұдан басқа, 40 адамға арналған қонақ үй тұрғызу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы