Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан КВИ анықталды

27 Ақпан 2021, 12:16
1009
Бөлісу:
Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан КВИ анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпанда ел аумағына Латвия, ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Армения, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді.

3 633 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 294 адам, анықтамасыз 339 ел азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 270 жолаушы, анықтамамен - 2 052, анықтамасыз - 218;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 260 жолаушы, анықтамамен - 1 139; анықтамасыз - 121;

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 87 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 16 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 25 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 496 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Өзгелердің жаңалығы