Шарбақтыда үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды – Павлодар

18 Қыркүйек 2021, 07:47
4117
Бөлісу:
Шарбақтыда үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды – Павлодар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баспаналы болғандардың басым бөлігі көпбалалы аналар мен үй кезегінде тұрған жетім балалар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Шарбақты ауданының орталығында бой көтерген 3 қабатты 27 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй бүгін қолданысқа берілді. Бұл туралы Шарбақты ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары Ризагүл Неғманова хабарлады.

Бүгінгі таңда біздің ауданда көпбалалы 33 отбасы, 48 жетім бала үй кезегінде тұр. Бүгін осылардың ішінен іріктеп 8 отбасына пәтер кілтін табыс еттік. Олардың алтауы көпбалалы отбасы болса, екеуі жетім балалар тізімінде тұрғандар. Баспаналы болғандар жаңа пәтерге алдағы демалыс күндері көшіп келетін болады. Ал қалған 19 пәтердің иесі алдағы бір айдың ішінде  анықталады, - деді Ризагүл Неғманова.
Көпқабатты тұрғын үйде 4 пәтер 3 бөлмелі болса, 23-і 2 бөлмелі. Кей пәтерлерде балкон болса, кейбірінде ол жоқ. Аудан әкімінің орынбасары пәтер иелері арасында реніш тумас үшін тұрғындар өзара жеребе тартып, өзіне түскен пәтерге қоныстанған.

Құрылысы былтыр басталған тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген. Оның құрылыс жұмысына 227 млн теңге жұмсалған. Орталық ауызсу жүйесіне қосылған үйде жеке от жағатын қазандық та бар.

Өзгелердің жаңалығы