«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы екі айда 700-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетті

7 Қараша 2020, 01:21
3358
Бөлісу:
«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы екі айда 700-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы 700-ге жуық тұрғынға қызмет көрсеткен.

«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы қаладағы көпбалалы жəне аз қамтылған отбасыларды тіркеуде заңгерлік, əлеуметтік жəне психологиялық көмек көрсетуден бастап, оларды кəсіпкерлік негіздеріне бағытталған мамандықтар бойынша бизнес жоспар құруға, кәсіп ашуға грант немесе микрокредит алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға кезең-кезеңімен бағыт-бағдар беріліп, жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңға дейін орталық 10 кездесу, 5 бизнес семинар-тренинг ұйымдастырды. Жалпы 686 адамға, оның ішінде 274-іне офлайн, 412-не онлайн түрде жеке кеңестер беріліп, мұқтаждықтарына байланысты сұрақтары қанағаттандырылған. Сондай-ақ, 41 адамға психологтың жеке кеңесі берілді.

Орталықтың басты мақсаты – аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көпбалалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.



Өзгелердің жаңалығы