Елімізде «ақылды» шаңсорғыштар шығарылмақ

4 Ақпан 2019, 18:26
3862
Бөлісу:
Елімізде «ақылды» шаңсорғыштар шығарылмақ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында ғимараттарды тазалайтын «ақылды» роботтар құрастырылмақ. Бұл туралы Дербес кластерлік қорының басқарушы директоры Әлібек Қабылбай мәлім етті. 

Бүгін елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында коммерциялық және өндірістік ғимараттарды тазалайтын «ақылды» роботтың тұсаукесері өтті.  Әлібек Қабылбайдың айтуынша, жоба Startup Kazakhstan бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Роботты Tech Garden дербес кластерлік қорына қарасты «Автономные технологии КЗ» компаниясы жасаған.  

Елімізде «ақылды» шаңсорғыштар шығарылмақ

«Елбасының 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бойынша Startup Kazakhstan бағдарламасы жүзеге асырылды. Оның басты мақсаты – жас кәсіпкерлердің стартаптарын қолдау және шетелдердегі инновациялық жобаларды Қазақстанға әкелу. «Ақылды» шаңсорғыш жобасының авторы – М.К. Аммосов атындағы солтүстік-шығыс федералды университетінің (Якутия) ғалымдары мен студенттері әзірледі», - деді ол. 

Осы орайда Әлібек Қабылбай шаңсорғышты ресейлік ғалымдар жасағанымен, ол қазақстандық өнім болып саналатынын жеткізді. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін робот ғимараттардағы кедергілерді айналып өтіп, өзі қозғалады. Ол суды үнемдеп, лас суды өзі тазалайды. Сонымен қатар «ақылды» роботтар жұмыс барысында бір-біріне кедергі жасамайды. 

Елімізде «ақылды» шаңсорғыштар шығарылмақ

«Робот тек үлкен ғимараттар аумағында жұмыс істеуге маманданған. Мысалы, вокзал, әуежай, қойма сияқты ғимараттар. Ол тар бөлмелерді, сатыларды, төбелерді тазалай алмайды. Сондай-ақ «ақылды» шаңсорғыш 1 сағат жұмыс істейді, оны қуаттауға сонша уақыт кетеді, әрі робот қуат алу және суды ауыстыру мақсатында өздігінен базаға аттанады. Тиісті ақпаратты «облокаға» жібереді, басқа роботтармен ақпарат алмасады», - деді жобаның авторы Николай Потапов журналистерге.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық компаниялардан 100 роботты жеткізуге, ресейлік компаниялардан 500 роботты жеткізуге сұраныс түскен. 

Елімізде «ақылды» шаңсорғыштар шығарылмақ

Осы орайда Николай Потапов елімізде инвесторларға жақсы жағдай жасалғанын, аталған «ақылды» роботтар неге Қазақстанда шығарылатынын түсіндірді.

«Маған Қазақстанда Startup жобаларға жасалатын жағдай ұнады. Сондай-ақ инвесторларға да құрмет көрсетіледі. Жобамызға Ресейден де сұраныс болды. Алайда роботтарды Якутияда құрастыруды қымбат болды.  Сондықтан оны «Қазақстанда шығарсақ қалай болады?» деген сұрақ туындады. Ең маңызды бізге бизнесті жүргізетін қолайлы жер қажет болды. Өніміді тез, сапалы жасау мақсатында Қазақстанға келдік. Роботтарды Алматы облысында шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді ол. 

Сонымен қатар Дербес кластерлік қорының басқарушы директоры «ақылды» шаңсорғыш шетелдік өніммен салыстырғанда айтарлықтай арзан екенін мәлімдеді. 

«Аталған өнімді шетелдік роботтармен салыстырсақ, оның бағасы бірнеше есе арзан. Ал осыған ұқсас шетелдік роботтар 4 есе қымбат. Роботтың өзіндік құны 2-2,5 млн теңге. Аталған өнімді Қазақстанда шығару тиімді. Себебі, нарықтан сұраныс бар. Нақтырық айтсам, жеке клинигтік компаниялардан 600 сұраныс түсті. Мұндай роботтарды үлкен ғимараттарды тазалауда пайдалануға тиімді. Әсіресе, әуежайда, вокзалда, өндірістік цехтарда, зауыттарда», - деді Әлібек Қабылбай. 

Сөз соңында Николай Потапов қазіргі таңда елімізде 3 «ақылды» шаңсорғыш бар екенін атап өтіп, оларды Назарбаев әуежайында сынақтан өткізіп жатқанын жеткізді.

Дәурен Ерболат,

Фото: Нұржас Жақсыбай

Өзгелердің жаңалығы