Шаңғымен жарысудан Германиядағы әлем кубогі уақытылы өтеді

17 Желтоқсан 2020, 06:40
1328
Бөлісу:
Шаңғымен жарысудан Германиядағы әлем кубогі уақытылы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда, Халықаралық шаңғы спорты федерациясы  (FIS) Дрездендегі әлем кубогі кезеңінің мерзімінде өткізілетінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

Шаңғымен жарысудан Дрездендегі әлем кубогі кезеңі 19-20 желтоқсанға жоспарланған. 

Шаңғымен жарысудан әлем кубогі кәсіби спорттық жарыс саналады. Сол себепті, ұлттық немесе аймақтық ережелердің күші жетпейді. Сондықтан, Дрездендегі әлем кубогі кезеңі мен «Тур де Ски» көпкүндігі белгіленген мерзімде өтеді, - делінген FIS хабарламасында. 

Айта кетелік, коронавирус індетінен қауіптенген Норвегия, Швеция және Финляндия командалары желтоқсан айындағы жарыстардан бас тартты. 

Сондай-ақ коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия шешімімен Қазақстан командасы да әлем кубогінің алғашқы кезеңдеріне қатыса алмайды. 

Өзгелердің жаңалығы