Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды

26 Қаңтар 2021, 02:29
3337
Бөлісу:
Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирдің биыл көрерменсіз өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады olympic.kz. 

Әлемдік дода 23 ақпан пен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф аймағында өтеді.

Алғашында жанкүйерлер санын шектеуді қарастырған ұйымдастырушылар ғаламдық індетке байланысты чемпионатқа көрермендерді қатыстырмау туралы шешім қабылдады. 

Сатылған билеттердің бәрі кері қайтарылған. 

Айта кетелік, әлем чемпионатында шаңғы жарысы, тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан 23 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Өзгелердің жаңалығы