Мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылады – Шәмшидинова

5 Наурыз 2019, 20:49
12614
Бөлісу:
Мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылады – Шәмшидинова

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым минситрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мектеп мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылатынын айтты.

«Қазақ, орыс, ағылшын тілі мектептерімізде оқытылады. 11 мың мұғалім 8-11 айлық курстан өткен. Яғни 3 айлық курстан өткен мұғалімдерді кейіннен 8 ай оқытқан. Соның есебінде қазіргі таңда химия, физика, биология, информатика пәндерінен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің 11 мыңы оқытылды», - деді Шәмшидинова.

Министр келесі жылдан бастап айлық курстар өткізуге арналған қаржы педагогикалық ұйымдарға жұмсалатынын айтты.

«Қаржыны университет қабырғасынан педагог мамандарға тілді меңгеріп шығаруға жұмсаймыз. 2016 жылы бірінші рет ағылшын тілінде білім беретін мұғалімдерді дайындауға тапсырыс берілген болатын. 2020 жылы 1200 жуық бала меңгеріп шығады. Сондықтан да мұғалімдерді оқыту курстары тоқтатылып отыр. Балаларды оқыту мұғалімнің, мектептің дайындығына байланысты жүргізіледі. Алдымызға жан салмай проблеманы шешеміз деп жүгіріп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан ретімен, жөнімен шешеміз», - деді Білім және ғылым министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Назерке АБИБУЛЛА
Өзгелердің жаңалығы