Шамалғанның темір жолына тағы бір автобус кептеліп қалды

18 Қыркүйек 2019, 17:45
2927
Бөлісу:
Шамалғанның темір жолына тағы бір автобус кептеліп қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде, деп хабарлады Аlmaty.tv

Шамалғанда, автобус пен пойыз апаты болған жерде тағы қоғамдық көлік өткелдің дәл ортасында тұрып қалды. Тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген.


Анықталғаны, ішкі істер министрлігі көліктік полиция департаменті сотқа дейінгі тексеру амалдарын жасап жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстары жүргізілгенше құпияда сақталады деді құзырлылар. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде. 

Атап өтсек, Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады. 

ҚТЖ басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловтың мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен. 

Жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 9 адам жарақаттанған. Қаза болған - автобус жүргізушісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі 3 жолаушының аудандық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Одан кейін қайтыс болған жігіт 1979 жылғы екені белгілі болды. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйелдің Қарасай аудандық емханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқаны да анықталды.

Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмағынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы