Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды

25 Қыркүйек 2020, 12:45
2367
Бөлісу:
Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шамалған станциясындағы жол-көлік апаты салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болып, 3 адам зардап шеккен болатын. Оқыс оқиға болған жерде қазір жерүсті өткел ашылды, деп хабарлады zakon.kz.

Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды

2019 жылы 15 қыркүйекте Шамалған станциясында орналасқан темір жол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан автобус жүргізуші көз жұмып, автобус ішіндегі әйел мен екі қызы зардап шеккен еді.

Аталмыш іс бойынша темір жол жұмысшысы сотталды. Міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған жұмысшыны шартты түрде 3,6 жылға бас бостандығынан айырды.

Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды

Жол-көлік оқиғасынан кейін үкімет адамдар үшін қауіпсіз жерүсті өткел мен автокөлік жолайрығын салу туралы шешім қабылдады.

Міне, қайғылы оқиғадан кейін бір жыл өткен соң 25 қыркүйекте жерүсті өткелінің ашылу салтанаты өтті.

Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды

Ол тура темір жолдың үстіңгі жағында орналасқан.

Жалпы 365 миллион теңге жұмсалды. Біз белгіленген мерзімінде салдық, тексерістен өткіздік, содан кейін мемлекеттік комиссиядан өттік. Бұл - халықтың игілігі үшін, қауіпсіз жүріп-тұру үшін, - деді Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.
Шамалғандағы апатқа 1 жыл: Қайғылы оқиға болған жерде жерүсті өткел ашылды

Жерүсті өткелі салынса да, адамдар темір жол арқылы өтуді жалғастыруда. Жасыбаевтың айтуынша, автокөлік жолайрығы ашылғаннан кейін бұл жерде қабырға тұрғызылып, адамдар жерүсті өткелі арқылы өтуге мәжбүр болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 15 қыркүйекте Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады.

Жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болды. Қаза болған – автобус жүргізушісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі 3 жолаушының аудандық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Одан кейін қайтыс болған жігіт 1979 жылғы екені белгілі болды. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйелдің Қарасай аудандық емханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқаны да анықталды.

Өзгелердің жаңалығы