Шамалғанда болған жол апатының куәгерлері іздестірілуде

17 Қыркүйек 2019, 22:59
1805
Бөлісу:
Шамалғанда болған жол апатының куәгерлері іздестірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіруде. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

«Алматы 1 – Қостанай» бағытындағы пойыздың 15 қыркүйек күні Алматы облысы Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен соқтығысу оқиғасын көргендердің, куәгерлердің және автобус жолаушыларының Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен 8-727-296-35-93, 8-701-555-78-02 және 8-775-643-00-04 телефондары бойынша хабарласуларын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Атап өтсек, кеше Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады. 

ҚТЖ басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловтың мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен. 

Жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 9 адам жарақаттанған. Қаза болған - автобус жүргізушісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі 3 жолаушының аудандық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Одан кейін қайтыс болған жігіт 1979 жылғы екені белгілі болды. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйелдің Қарасай аудандық емханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқаны да анықталды.

Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жолаушылар пойызының машинисі жедел тежегішті іске қосқанымен, арақашықтықтың аздығынан қақтығыстың алдын ала алмағынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы