Бас жаңалықтар
 Шамалған тұрғындары Елбасымен кездесуге дайындалып жатыр
02 Сәуiр 2019, 10:30 753

Шамалған тұрғындары Елбасымен кездесуге дайындалып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Шамалған ауылындағы жерлестерімен кездеседі.

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының “Атамекен” тарихи-мәдени орталығының алдына ауыл тұрғындары Елбасыны салтанатты түрде қарсы алуға дайындалып жатыр.

Бала кезден бірге ойнап өскен ауылдастары Елбасы үлкен жетістікке жететіні бала кезден белгілі болғанын айтады.

“Біз 1944 жылы жер аударылып, осы ауылға көшіп келгенімізде мен 5 жаста едім. Бала кезімізден Нұрсұлтанмен бірге ойнап өстік. Ол еті тірі, пысық бала болды. Әрдайым ұйымдастырушылық жұмыстардың басы-қасында жүретін. Ол ел басқарған уақытта еліміз, ауылымыз жаман болған жоқ, көркейіп, гүлдене түсті”, - дейді Шамалған ауылының тұрғыны Гүлахмет Шарипов.



Фото: автордан
Загрузка...