Шалғайдағылар радио арқылы өзге елдің емес, Қазақстанның әнұранын тыңдауы тиіс - министр

20 Ақпан 2019, 12:05
1665
Бөлісу:
Шалғайдағылар радио арқылы өзге елдің емес, Қазақстанның әнұранын тыңдауы тиіс - министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді.


«Мемлекеттің радиохабарлар таратудың ауқымын ұлғайту жұмыстары бір сәтке тоқтаған жоқ. Өткен жылы Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының 300 мыңнан аса тұрғыны бар 12 шекаралық аймаққа «Қазақ радиосы» мен «Шалқар радиосының» хабарлары тарай бастады. «Қазтелерадиокешеніне» осы жұмысты ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Бұның біздің ұлттық ақпараттық қауіпсіздігімізге тікелей ықпалы бар. Еліміздің ең шалғай жерлерінде тұрып жатқан азаматтар радиоқабылдағыштары арқылы Қытай немесе Ресейдің емес, Қазақстанның әнұранын тыңдаулары тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақ қазақ ертегілеріне құлақ түріп, жасөспірімдеріміз қазақ әндерімен сусындауы қажет деп ойлаймын», - деді Абаев алқа отырысында.

Бұған дейін министр Дәурен Абаев «әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизия құралдары тегін берілді» деген болатын.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы