Шалқарлық көлік жүргізуші егде жастағы әйелді өрттен аман алып қалды

18 Ақпан 2019, 14:59
2668
Бөлісу:
Шалқарлық көлік жүргізуші егде жастағы әйелді өрттен аман алып қалды

Астана, BAQ.KZ. Шалқар қаласында болған өрт оқиғасы кезінде өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі Қуанар Баймурзин 64 жасар әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 15:57 шамасында болған. Ауысымды демалыстағы Қуанар жеке көлігімен Есет Көтібарұлы көшесімен өтіп бара жатқан сәтінде өртті байқаған.

«Машинаның айнасында түтін шығып, қайта сөнгенін байқадым. Бұрылып барсам, үйдің шатыры енді тұтана бастап жатыр екен. Бірден 101 номеріне телефон шалдым. Олар келгенше үйде адам бар-жоғын анықтау керек болды. Есігінен кіру мүмкін болмаған соң, терезеден қарадым. Бір адам жүргендей болды. Терезе арқылы кіріп, үстіне орамал жауып алып шықтым. Өрт сөндірушілер келгенше газ бен жарықты ажыраттым», - дейді №17 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі Қуанар Баймурзин.

 

 

Өзгелердің жаңалығы