Шахтинск қаласында Сот фронт-кеңсесі ашылды

5 Маусым 2019, 20:58
1730
Бөлісу:
Шахтинск қаласында Сот фронт-кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты азаматтармен жұмыс жасаудың жаңа форматын енгізді. Шағын қалада фронт-кеңсе ашылды, онда қажетті құқықтық кеңестер алуға және даулы жайттарды медиаторлардың көмегімен шешуге болады. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Сот қызметі, кез келген мемлекеттік орган сияқты, халықтың нақты сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Мұны ашық, тез және сапалы жасау өте маңызды. Адам аз уақыт жұмсап, барынша нәтиже алуы керек. Бүгінгі таңда халықтың сотқа деген сенім деңгейі осыған байланысты», - деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов фронт-кеңсенің ашылу салтанатында.

Фронт-кеңседе үш бөлім жұмыс істейді: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету. Кеңесшілер келушілердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын.

Күту залы ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Сондай-ақ жаңа кеңседе WI-FI өткізіліп, гаджеттер үшін қуаттандыру құрылғылары орнатылды. Келушілерге арналып «Сот кабинеті» АЖ қызметін еркін пайдалана алатын бұрыш жасалған.

Өзгелердің жаңалығы