Бас жаңалықтар
Шахтадағы өрт сөндірілді
16 Ақпан 2020, 13:23 243

Шахтадағы өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Шахтада тұтанған өрт ауыздықталды. Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Жалын 100 метр тереңдікте тұтанған. Шахтада болған 116 адам жер бетіне эвакуацияланды. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. 

Бұған дейін хабарланғандай, 15 ақпан күні сағат 21.30 шамасында Шахтинск қаласына жақын орналасқан шахтада өрт болды. 

Өртті сөндірумен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері" Республикалық орталық штабы" ЖШС-ның 60 маманы мен 6 техникасы айналысты.

100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ҚР ИИДМ "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері" Республикалық орталық штабы" ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, - деді Төтенше жағдайдар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ақпарына сүйенсек, жалын 6 сағаттан кейін сөндірілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...