Шахта өртенді

16 Ақпан 2020, 10:22
2274
Бөлісу:
Шахта өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинскідегі көмір шахтасында өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК өкілдері хабарлады.

15 ақпан күні сағат 21:30 шамасында Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 100 метр тереңнен шыққан. Шахтада 116 адам болған, олар эвакуацияланды. Өртті сөндіруге ҚР ИИДМ "КӘАҚҚ" РОШ" ЖШС 60 қызметкер мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан адам шығыны жоқ және ешкім зардап шекпеді. 

Айта кетейік, Шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ға тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы