Бас жаңалықтар
Шахмардан Байманов Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 10:56 161

Шахмардан Байманов Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шахмардан Асқарұлы Байманов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Шахмардан Байманов 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар істері жөніндегі көмекшісі болып бастаған. 

2007-2008 жылдары — Қызылорда облысының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" қауымдастығының атқарушы директоры.

2008-2012 жылдары — "Қазақстан жастары конгресі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары, атқарушы директоры.

2012-2015 жылдары — Ақмола облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м. а., басшысы, жетекшісі.

2015-2017 жылдары — "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы.

2017-2019 жылдары — Қызылорда қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, қала әкімінің орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.


Фото: дереккөз
Загрузка...