Бас жаңалықтар
Шахтинск қаласында Open Shahtinsk мамандандырылған кеңсесі ашылды
09 Қараша 2020, 23:40 192

Шахтинск қаласында Open Shahtinsk мамандандырылған кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Open Shahtinsk ашық әкімдігі қалада бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мұнда барынша қолайлы жағдайларда білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарынан кеңес пен мемлекеттік қызметтер алуға болады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін электронды кезек енгізілді, күту аймақтары құрылды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

Енді шахтинскіліктерге тез, сапалы, ыңғайлы және бір жерде белгілі бір қызмет түрлері ұсынылады. Сондай-ақ, Egov порталының көмегімен адамдар ЭЦҚ немесе басқа да анықтамаларды ала алатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, - дейді әкімші Айнұр Жамбылова.

Халыққа қызмет жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Open Shahtinsk ашық әкімдігі Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101 мекен-жайында орналасқан. Телефоны: (8-72156) 2-20-05.

Мамандандырылған кеңсе Adaldyq alańy жобасын іске асыру аясында жұмыс істейді. Мамандар осындай жұмыс форматы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беретінін айтады.



Фото: дереккөз
Загрузка...