Шахтерлермен бірге еңбекақыны арттыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талқыладық – Қасымбек

11 Қараша 2021, 22:07
910
Бөлісу:
Шахтерлермен бірге еңбекақыны арттыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талқыладық – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің мәселелерін шешу бойынша келісім комиссиясының отырысын өткіздік, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Шахтерлермен бірге еңбекақыны арттыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді талқыладық – Қасымбек

Оған АМТ басшылығы, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың өкілдері және әр шахтаның бастамашыл топтары кірді. Шахтерлермен бірге еңбекақыны арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды материалдық-техникалық жабдықтау және т.б. мәселелерді талқыладық.

Біз бәріміз кәсіпорындардың тұрақты және қауіпсіз жұмысына мүдделіміз. Бұл ретте ең алдымен қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүдделері ескерілуі тиіс. Бұл мәселелердің шешілуін жеке бақылауымда ұстаймын, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Өзгелердің жаңалығы