«Шахтер» мен «Тобыл» Конференция лигасының үшінші раундына шықты

30 Шілде 2021, 02:24
713
Бөлісу:
«Шахтер» мен «Тобыл» Конференция лигасының үшінші раундына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шахтер» мен «Тобыл» УЕФА-ның Конференция лигасында үшінші іріктеу раундына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағандылық клуб Ереванда өткен матчте «Стяуаны» жеңді. Есеп - 2:1. Қарымта кездесуде есепті 11-минутта қорғаушы Михаил Габышев ашты. Ал 76-минутта «Стяуа» ойыншысы Флоринел Коман есепті теңестірген. 

Қосымша уақытта Айдос Тәттібаев «Стяуа» қақпасынан саңылау тауып, ойын овертаймға көшті. Себебі Бухарестте өткен бірінші кездесуде 1:0 есебімен алаң иелері басым болған. Пенальти сериясында Игорь Шацкийдің бір сейві мен пенальти орындаушылардың мүлт кетпеуінің арқасында қарағандылық ұжым Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Үшінші раундта «Шахтер» украиналық «Колоспен» кездеседі - матчтер 5 және 12 тамызда өтеді. 

Ал «Тобыл» клубы Қостанайда Хорватияның «Хайдук» командасымен қарымта кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Командалар бірінші таймда есеп аша алмады, ал екінші таймда қонақтар қақпашысы 11 минут ішінде үш гол жіберіп алды. 

56-минутта Душан Йованчич көзге түсті. Сосын Игорь Сергеев дубль жасады (61 және 67-минуттар). 70-минутта «Хайдук» 11 метрлік айып добын орындады, бірақ «Тобыл» қақпашысы Александр Мокин Филип Кровиновичтің соққысын қайтара білді. Алайда қосымша уақытта қонақтар командасы бір гол салып кетті - Эмир Сахити көзге түсті. 

Бірінші ойында «Хайдук» жауапсыз екі гол соғуының арқасында қарымта кездесудегі бір голмен жалпы есеп 3:3 болып тұрған. Бірақ 118-минутта Асхат Тағыберген «Тобылға» жеңіс сыйлады. 


Өзгелердің жаңалығы