Шахтадағы апат: Сенім телефоны іске қосылды

7 Қараша 2021, 13:23
1338
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Сенім телефоны іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтадағы оқиғаға байланысты Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті сенім телефонын іске қосты.

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде шахтадағы оқиғаға байланысты жедел желі құрылды: 8 (7212) 51-11-10, жедел желі - 8 (7212) 51- 72-23, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кеніште барлығы 64 жұмысшы болған.  56 адам дер кезінде эвакуацияланды.

Метан бөліну салдарынан оқиға орнындағы 8 жұмысшының алтауы қаза тауып,2 жұмысшы жарақат алды.

Өзгелердің жаңалығы