Ұшақ апаты: Егер үй болмағанда ұшақтағылар тірі қалар еді – Bek Air

30 Желтоқсан 2019, 15:20
6403
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Егер үй болмағанда ұшақтағылар тірі қалар еді – Bek Air

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұшақ соғылған екіқабатты үйдің заңды құжаты болса ғана өтемақы төлейміз. Бұл туралы Bek Air әуекомпаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, әуежай маңында үй және өзге де құрылыс тұрғызылмау керек. 

 

Егер ол үйдің заңды құжаты болса өтемақы төлейміз. Егер құжаты болмаса соған рұқсат бергендер жауап берсін. Бұл бойынша мемлекет басшысының тапсырмасымен тексеру комиссиясы құрылды. Солар мән-жайды анықтай жатар, - деді Нұрлан Жұмасұлтанов. 


 

Өзгелердің жаңалығы