Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе кәсіпкерлердің салықтық міндеттемесін жеңілдетеді

23 Тамыз 2019, 11:10
2302
Бөлісу:
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе кәсіпкерлердің салықтық міндеттемесін жеңілдетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың сәуір айында Салық кодексіне жеке кәсіпкерлер үшін  оңайлатылған декларация шарттарын өзгерткен елеулі түзетулер енгізілді. Осы жайлы ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына 5 жылдығына арналған конференция барысында МКК Салықтық әдіснама департаменті директоры Жаныбек Нұржанов мәлімдеді.

Жаңалықтар үш құрамдасты интеграцияланған жүйені қолдану, оның ішінде қолма – қолсыз төлемдерді пайдалану сұрақтарына қатысты.

Бұл не?

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе кәсіпкерлермен, әсіресе6 бөлшек саудасы мен мейрамханалар қызметінде іс жүзінде қолданылатын онлайн БКМ,  қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан) (POS-терминал және т.б.), сондай-ақ сауданы есепке алынуын автоматтандыру жүйесінен (ERP жүйе) тұрады. Бұл ретте, осы үш құраушы сатылған тауар (ERP  жүйесінде) бойынша  БКМ чек шықпағанша, қоймадан есептен шығарылуы болмайтындай қылып өзара байланысты болуы тиіс.

"Қазіргі уақытта, аталған жүйе бойынша талаптар мемлекеттік органдармен, Ұлттық банкімен, «Атамекен» ҰКП келісу жүргізілуде", - деп Ж. Нұржанов атап өтті.

Аталған жүйе бойынша талаптардың бірі болып салықтық есептің модулінің болуы болып табылады. Аталған жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай – ақ, салықтық есептілікті құруға жағдай туғызатын элементтер, оның ішінде жалдамалы қызметкерлердің жалақысы бойынша көрсетілуі тиіс.

Аталған жүйе жеке кәсіпкерлермен есепке алу мен салықтық міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге арналған.

Салық кодексімен жеке табыс салығының сомасы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуі қарастырылғаның, Жаныбек Нұржанов еске салды.

Яғни, егер жеке табыс салығының бір жылдық сомасы 140,0 мың тенгені құраса, жеке кәсіпкер салық сомасын 60,0 мың тенгеге азайтуға құқылы. Егер, жеке табыс салығының бір жылдық сомасы 100,0 мың тенгені құраса, жеке кәсіпкер салық сомасын 50,0 мың тенгеге азайтуға құқылы.

Аталған норма 2019 жылдан 2021 жылды қоса санағанда қолданыста болады. Одан басқа, аталған норманы қолдану үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алған жылы, және келесі жылы қарастырылған.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнатып, оңайлатылған декларацияны қолданудың қандай артықшылығы бар?

Бірінші, салықтық кезең үшін табыс, яғни жартыжылдық үшін  60,7 млн. тенгеден 237,6 млн тенгеге ұлғайды.

Екінші, ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК –тен 144 184 АЕК-не өсті,  яғни 75,7 млн. тенгеден 364,1 млн тенгеге,  - деп атап өтті.

Алайда, аталған ұлғаю тек үш құрамдасты интеграцияланған жүйені  пайдаланып, қолма – қолсыз түрде (яғни, сатып алушылармен банк карточкалары арқылы есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға таралатынына көңіл аудару қажет.

Осылай, қолма – қолсыз есеп айырысудың күннен күнге өсуіне байланысты, жеке кәсіпкердің салықтарды тиімдеу үшін әр түрлі схемаларды қолдану қажеттілігі жоғалады.

Сонымен қатар, МКК Салықтық әдіснама департаменті директоры Жаныбек Нұржанов қазіргі уақытта келесі сұрақтардың қарастырылып жатқанының атап өтті:

қолма – қолсыз төлемдердің өсуін ынталандыру;

зейнетақы төлемдері, әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарды оңайлатылған декларация мен патент үшін бірыңғай әлеуметтік төлемге біріктіру,

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі үшін шегерімге жатқызылатын шығыстар тізбесін кеңейту;

салықтық есеп нысандарын жеңілдету және оны тапсырудың ұялы қосымшаларды қосу.

Қорытындысында, Ж. Нұржанов салық салумен байланысты рәсімдерді жеңілдету үшін бизнес бірлестіктер мен кәсіпкерлердің ұсыныстары үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық екенін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы