Үш облыста күн бұзылады

10 Қазан 2019, 21:16
1850
Бөлісу:
Үш облыста күн бұзылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында дабылды ескерту жариялады.

"11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғантын желдің күші  15-20 м/с жетеді, түнде  1-3 градус үсік жүреді. Сонымен қатар,  11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с жетпек. 11 қазанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы