Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

15 Маусым 2020, 23:41
1230
Бөлісу:
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

16 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл ксоғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы жерлерде 15-20 м/сжетуі мүмкін. Күндіз оңтүстікте 39 градус қатты ыстық болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап , дауыл соғады бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығысқа ауысқан желдің жылдамдығы түнде 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады.

Сол күні Қарағанды қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.


Өзгелердің жаңалығы