ШҚО: Тарбағатайда бордақыланатын мал басы артады

27 Ақпан 2020, 16:25
1666
Бөлісу:
ШҚО: Тарбағатайда бордақыланатын мал басы артады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2024 жылға қарай Тарбағатай ауданында бордақыланатын ірі қара санын 18 мыңнан асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлім болды. Бүгінде аталмыш аудан аумағындағы ірі қара саны 140 мыңнан асып жығылса, оның 90 мыңнан астамы аналық ірі қара мал. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 43 мыңнан астам аналық ірі қара мал тұқымдық түрленуден өткізілген.

2024 жылы аудандағы аналық мал саны 112,4 мың басқа жеткізіліп, оның 72,6 мыңы, яғни 64,5 пайызы тұқымдық түрленуден өткізілетін болады. Сонымен қатар, алдағы бес жыл көлемінде Аграрлық несие корпорациясы арқылы 29,1 мың бас аналық ірі қара сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ ауданда 9770 басқа арналған 22 бордақылау алаңы жұмыс істеп тұрса, алдағы бес жыл көлемінде олардың санын ұлғайтып, бордақылауға қойылатын ірі қара санын 18,9 мыңға жеткізу жоспарланып отыр, - деді Ербол Үйсінғалиұлы өз баяндамасында.

Бұдан бөлек, өңірде қой шаруашылығын дамыту мақсатында 2024 жылға қарай Аграрлық несие корпорациясы арқылы 15 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар 4767,2 млн. теңге қарыз қаражатына төрт инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Атап айтсақ, олардың үшеуі алдағы екі жылда Екпін және Құмкөл ауылдарында орналасқан бордақылау алаңдарын кеңейтуге байланысты жобалар болса, қалған біреуі Жәнтікей ауылында мал шаруашылығы кешенін салу жобасы.

Өзгелердің жаңалығы