ШҚО халық саны бойынша төртінші орында

4 Маусым 2019, 18:31
6297
Бөлісу:
ШҚО халық саны бойынша төртінші орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы халық саны бойынша Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласынан кейінгі төртінші орында. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

1 сәуірдегі есеп бойынша, облыста 1 миллион 377 мың 525 адам бары анықталған.

«Өткен жылмен салыстырсақ халықтың 0,4%-ы, яғни 5318-і азайды», - дейді статистика департаментнің маманы.

Халықтың 65% қалада, 38% ауылды жерде тұрады екен.

Облыстағы халық тығыз орналасқан қалалар Өскемен мен Курчатов болып есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы