ШҚО кәсіпкерлері 2 ауруханаға қорғаныш костюмдері мен респираторлар алып берді

8 Шілде 2020, 11:05
1301
Бөлісу:
ШҚО кәсіпкерлері 2 ауруханаға қорғаныш костюмдері мен респираторлар алып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меценаттар екі ауруханаға 600 бірреттік қорғаныш костюмі,  600 респиратор және 100 литр антисептик алып берді. 

"Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қорының құрылтайшылары, танымал кәсіпкерлер Серік Толықбаев пен Қайрат Ахметовтің демеушілігімен аудандағы қос бірдей денсаулық  сақтау мекемелері - аудандық орталық және ауданаралық №2 ауруханасына коронавирустың таралуын болдырмау және оның алдын алу мақсатында қажетті қорғаныш заттары мен дәрі-дәрмек сатып алынды. 

Қордың атқарушы директоры Серік Жүнісовтің айтуынша, бүгінде сатып алынған заттармен қоса алдағы уақытта ауруханалар қосымша тағы қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілмек. Қор құрылтайшылары бұл іске барлығы 9 миллион теңге жұмсаған.  Оның 7 миллионын қордың бас құрылтайшысы Серік Толықбаев, қалған екі миллионды Қайрат Ахметов бөлген. 

Осындай ауыр кезеңде жерлестеріне әрдайым қамқорлық танытып жүрген Серік Толықбаев бастаған жомарт азаматтарымызға зор ризашылығымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз, - дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәуле Байгереева.

Өзгелердің жаңалығы