Бас жаңалықтар
 ШҚО-да жылжымалы кітапхана жұмыс істейді
16 Қаңтар 2019, 19:15 762

ШҚО-да жылжымалы кітапхана жұмыс істейді

Астана, BAQ.KZ. Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді. Бұл оқырмандардың қазақ және әлем әдебиеті классиктерінің туындыларына деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Енді көкпектілік кітапханашылар әр үйді аралап, соғыс ардагерлеріне, сондай-ақ зейнеткерлерге жалпы оқырмандарға қалаған кітаптарын апарып береді. Басты мақсат – оқырмандармен тығыз қарым-қатынас орнату.

«Сіз кітапханаға келмесеңіз, онда біз сізге барамыз» деген ұстанымды берік ұстанған қызметкерлер таяуда қариялардың үйлеріне барып, Қ.Аманжоловтың өлеңдер жинағы мен Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының аудармаларын тарту етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағыуақытта да жалғасын таппақ.

Сізден жаңалық