ШҚО-да жыл басынан бері жеті бала терезеден құлап кетті

21 Тамыз 2019, 21:11
1489
Бөлісу:
ШҚО-да жыл басынан бері жеті бала терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезінен құлап кетті. Құтқарушылардың айтуынша, биылғы жылы жазатайым оқиғалар саны арта түскен. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Жеті баланың үшеуі – үш жастан алты жасқа дейінгі бүлдіршіндер.

«Өскемен қаласында үш жағдай, Семейде екі, Курчатов және Алтай қалаларында бір-бір жағдайдан тіркелді. Төрт бала түрлі дене жарақатын алып, аман қалса, үшеуі көз жұмды», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы