Бас жаңалықтар
ШҚО-да жолдарды жөндеуге 65 млрд теңге жұмсалады
19 Шілде 2019, 06:31 158

ШҚО-да жолдарды жөндеуге 65 млрд теңге жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс жолдарын жөндеуге биыл барлық көздерден 63,8 млрд теңге қаржы бөлінгенін, оның ішінде жергілікті маңыздағы жолдар үшін 21,6 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары Семей – Курчатов, Семей – Қарауыл, Өскемен – Тарғын – Самар, Көкпекті – Самар, Үлкен Нарын – Күршім, Бородулиха – Жезкент, Мақаншы – Келдімұрат, Ақтоғай – Алматы облысымен шекара, Шемонайха – Үлкен өзен жолдарында жүріп жатыр, сондай-ақ, Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылына кіреберіс жол да қалпына келтірілуде. Аталмыш жолдардың жалпы қашықтығы 318 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, қалалар мен ауылдардың ішіндегі 95 километр көшелерді жөндеу жоспарланған. Ол мақсатқа бөлінген қаржы мөлшері 10 миллиард теңгеге жуықтайды.

Аталмыш ауқымды жұмыстар аяқталған соң облыстағы жағдайы жақсы жолдардың үлесі 81 пайызға жетпек.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық