ШҚО-да жаңадан іс бастағын 50 кәсіпкерге несие берілді

15 Сәуір 2019, 20:03
2306
Бөлісу:
ШҚО-да жаңадан іс бастағын 50 кәсіпкерге несие берілді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы ауыл шаруашылығы кешенінде мыңнан астам жоба субсидияланып, 115 кәсіпкердің ісі жеңілдетілген тәртіпте несиелендірілді. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясы барысында ШҚО Қаржы басқармасының басшысы Қайрат Ерембесов хабарлады.

«2018 жылы 210 жоба субсидияланып, 65 кәсіпкерге несие берілді. 68 жобаға кепілдік беріліп, 1348 адам қайта оқудан өтті. Ауыл шаруашылығы кешенінде 1137 нысан субсидияланды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3190 бас асыл тұқымды ірі қара мен 33 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды», - деді Қайрат Ерембесов.

Өткен жылы жұмыстардың барлығы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша іске асқанын алға тартқан басқарма басшысы «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары арқылы жаңадан іс бастағын 50 кәсіпкерге несие берілгенін тілге тиек етті.

Естеріңізде болса, біз бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілетін шағын несие көлемі ұлғайып, шарттары жеңілдетілетіні жөнінде хабарлаған болатынбыз. Наурыз айында өткен кеңейтілген аппарат кеңесінде баяндама жасаған облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақұпбаев Елбасының төртінші бастамасын іске асыру аясында 3,2 миллиард несиелік қаржы бөлінгенін айтқан еді. Аталмыш қаржының 1,9 миллиар теңгесі 640 жобаны іске асыру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына, ал 1,3 миллиарды 305 жобаны іске асыратын Агронесиелік корпорацияға берілетіні айтылды. Осылайша несиелендіруі жоспарланған 945 жобаның 250-і аз қамтылған отбасыларға бағытталмақ.

Өзгелердің жаңалығы