Бас жаңалықтар
ШҚО-дағы шағын шаруашылық сауылатын сүт көлемін 7 мың литрге жеткізбек
24 Қыркүйек 2020, 17:39 141

ШҚО-дағы шағын шаруашылық сауылатын сүт көлемін 7 мың литрге жеткізбек

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттен қолдау тапқан ұландық «Қайрат» шаруа қожалығы жақын жылдары сауылатын сүт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бұл шаруашылық дақыл егумен қатар сүтті ірі қара өсіру шаруашылығын дамытуды қолға алған. Осы бағытта шаруа қожалығы швейцариялық асыл тұқымды симментал сиырларын сатып әкелген. Алты жыл бұрын Ұлан ауданына қарасты Каменка елді мекенінің жанында сүт-тауарлы ферма салып, сүт өнімдерін өндіретін зауыттарға шикізат өткізуді бастап кеткен екен.

Бүгінгі таңда фермамызда 400 бастан астам асыл тұқымды сырды сауып жатқан жайымыз бар. Алайда асыл тұқымды ірі қараның әлеуетін толыққанды пайдаға жаратып отырмыз деп айта алмаймын. Қазіргі уақытта мал-азығының базасын үлкейтіп, жем-шөптің сапалық жағын жақсартуды ойластыра бастады. Өйткені сапалы сүт сауу үшін сиырдың жейтін азығы да сапалы болғаны жөн. Осыған орай біз әр жылы аталмыш бағытта жаңа бір технологияны енгізуді қолға алдық, - деді «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Асвад Усмаев.

Қазіргі уақытта әр сиырдан бір жылда сауылатын сүт көлемін 5 мың литрге жеткізіп отырған қожалық көрсеткішті осы деңгейде бұдан әрі де ұстап отырмайтын сыңайлы. Олар сиырдың әр басынан сауылатын сүттің жыл көлеміндегі мөлшерін жеті мың литрге жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда облыс орталығы мен бірқатар аудан, қалаларда сапалы сүтпен қамтамасыз етіп отырған олар аймақтағы ірі сүт зауыты саналатын «Востокмолоко» ЖШС-мен берік байланыс орнатқан.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...