Бас жаңалықтар
ШҚО-да туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші азайды
24 Ақпан 2020, 18:01 181

ШҚО-да туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші азайды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы туберкулезбен ауыру 2018 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеп, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 29,6%-ға азайды.

Бұл жөнінде хабарлаған облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, сонымен қатар 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы осы дерттен көз жұматындар санының да 1,8 есеге кемігенін атап өтті.

Медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық және фтизиатриялық қызметтердің бірлесіп атқарған жұмыстары, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде туберкулез аурушаңдығының азайғандығы анықталып отыр. Туберкулезге қарсы күресте жалғыз әрі тиімді құрал – профилактикалық шаралар, оның ішінде арнайы медициналық, туберкулезге қарсы иммундауды және профилактикалық медициналық тексеруді қамтитын шаралар кешені, - дейді Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Хамит Илюбаев.

Бөлім басшысының айтуынша, балаларды БЦЖ вакцинасымен жоспарлы иммундау туберкулездің ауыр түрлерінің дамуын болдырмау үшін жүргізіледі. Бірінші вакцинацияны нәресте перзентханада дүниеге келгеннен кейін алғашқы төрт күнінде алады. Екінші екпені (ревакцинация) 6-7 жастағы балаларға (бірінші сынып оқушыларына) жүргізеді. Ревакцинацияға теріс Манту сынамасы бар 6-7 жастағы дені сау инфекцияланбаған балалар ғана жатады. Ал ересек тұрғындар арасында туберкулезді анықтау үшін флюорографиялық тексеру жүргізіледі.

2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында флюоро қараумен халықтың 98,8% қамтылды. Халықты профилактикалық медициналық тексеру жаппай, топтық (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша) және жеке тәртіппен жұмыс, қызмет, оқу немесе тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі, - деп қосты жауапты тұлға.


Загрузка...