ШҚО-да тексеруден өткен әйелдердің жартысының денсаулығында кінәрат бар

29 Қаңтар 2019, 20:33
2152
Бөлісу:
ШҚО-да тексеруден өткен әйелдердің жартысының денсаулығында кінәрат бар

Астана, BAQ.KZ. 26 қаңтарда хирургия және онкология орталығында ашық есік күндері өткен. Сол шараның қорытындысы шықты.

Бұл күні қаралуға келген 99 әйелдің жетеуінен қатерлі ісіктің белгілері байқалса, 38 әйелден – предбластоматоз (ісік алды), 4-уі диспансерлік тіркеуде тұр. Қалған 50 әйелдің денсаулығынан кінәрат табылмады.

Өзгелердің жаңалығы