ШҚО-да шетелдік инвесторларға арналған орталық ашылады

25 Қаңтар 2019, 15:12
2427
Бөлісу:
ШҚО-да шетелдік инвесторларға арналған орталық ашылады

Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөніндегі тапсырманы кезекті әкімдік отырысында облыс басшысы Даниал Ахметов ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасына берді.

«Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасы шетелдік инвесторларға арнап жеке ғимарат әзірлеуі тиіс. Шығыс Қазақстан экономикасына қаражат құюды көздеген шетелдік инвесторлар ол жерде біздің барлық жобаларымызбен танысып, консультативті көмек алуға мүмкіндік алулары керек. Аталмыш ғимаратта инвесторларымыз ел заңнамаларымен танысып, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізетіндей мүмкіндіктері болуы қажет», - деді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.
Бір ай уақыт ішінде ғимараттың құжаттамасын әзірлеп, келесі әкімдік отырысына әкелуі талап еткен өңір басшысы ғимаратқа қатысты жұмыстардың бірінші жартыжылдық көлемінде толық аяқталуы қажеттігін ескертті.
Естеріңізге салсақ, бүгінгі таңда Өскемен қаласында Қытай Халық Республикасымен бірлесе ауылшаруашылығы өнімдерін қытайлық стандарттарға сәйкестендіру зертханасы салынуда. Бұдан бөлек, Семей қаласының әкімдігі ирандық инвесторлармен бірлесе ет өңдеу кешенін тұрғызу жұмыстарын жүргізуде. 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ


Өзгелердің жаңалығы