ШҚО-да "Парасаттылық мектебі" жұмысын бастады

11 Маусым 2019, 16:27
2848
Бөлісу:
ШҚО-да "Парасаттылық мектебі" жұмысын бастады
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы еліміздің барлық өңірлерінде "Парасаттылық мектебі" курстарын өткізуді бастады.

"Біздің бүгінгі мақсатымыз жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы жаңа формацияда қарсылық көрсете алатын жастар легін дайындау. Осы мақсатта Академияның аймақтардағы филиалдары мен орталығында студенттер арасында, соның ішінде екінші және үшінші курс студенттерімен жұмыс істеу басталды. Парасаттылық мектебі жастардың шығармашылығымен қатар, өз ойын анық жеткізе алуға, яғни эмоцииялық нығаюына септігін тигізеді. Кешеден бері курс тыңдаушылары сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке тигізер зияны жайлы теориялық білім ғана алып қойған жоқ, сонымен қатар түрлі практикалық кейстарды шешіп жатыр. Осы себепті бұл мектептің студент жастарға берері мол", - деді Академияның ШҚО бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Айжан Масенова.

ШҚО-да "Парасаттылық мектебі" жұмысын бастады

Аталмыш шараның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып қолға алынғанын хабарлаған ол бұл шара бірінші жыл ғана жасалып жатқанын айтты. Дегенмен, бұл алдағы жылдары да қолға алынып жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналмақ. 

"Мектеп жұмысын студенттер жазғы каникулға шыққан кезге арнайы орайластырып отырмыз. Біз облыс орталығындағы үш университетке хат жолдаған болатынбыз. Нәтижесінде «Парасаттылық мектебіне» қатысуға 60-қа жуық студент ниет білдірді. Дегенмен үш жүз сөзден тұратын эссе жазу іріктемесінен тек 18 студент қана өтті. Курстар барысында оларға мемлекеттік қызметшілердің этикасы, өзін-өзі ұстауы бағытындағы дәрістер оқылады. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға Академия үлгісіндегі сертификаттар табысталады", - деп қосты Айжан Матанқызы.

ШҚО-да "Парасаттылық мектебі" жұмысын бастады

 

Өзгелердің жаңалығы