ШҚО-да қорым қазу жұмыстары биыл жылдағыдан ерте басталады

24 Қаңтар 2019, 20:49
2242
Бөлісу:
ШҚО-да қорым қазу жұмыстары биыл жылдағыдан ерте басталады

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Елеке сазы қорымында археологиялық жұмыстар мамыр айында басталады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Шығыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары жылдағыдан ерте басталады деп күтілуде. Алайда мемлекеттік сатып алу процестерінің түйткілдері бұл жоспарға келтіруі мүмкін. Аталмыш жұмыстарға қажет монограф құралын алу 2018 жылдың еншісіндегі шаруа болатын. Облыстық мәдениет басқармасы сол үшін бөлінген қаржыны уақытында игере алмаған.

«Игерілмеген қаржы қазынаға қайтқанмен, шешілмеген мәселенің орны үңірейіп тұрады. Сондықтан өткен жылдың кемшіліктері шұғыл жойылуы керек. Мысалы, мәдениет басқармасы архелогтарға қажет монографты сатып алу процесін созып жіберді. Сәуір айына дейін бұл мәселе шешімін тапсын. Өйткені мамыр айында Елеке сазында археологиялық қазба жұмыстарын бастап кетуіміз керек», - деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы