ШҚО-да найзағай соққысынан 15 жастағы бозбала көз жұмды

15 Маусым 2020, 15:25
1829
Бөлісу:
ШҚО-да найзағай соққысынан 15 жастағы бозбала көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. 14 маусым күні Абай ауданы Қасқабұлақ ауылынан 8 шақырым жерде найзағай соққысынан 15 жастағы бозбала мерт болды. Бұл туралы ШҚО ТЖД хабарлады.

Жаңбыр басталғанда бозбала атқа мініп, қой жайып жүрген әкесіне көмекке аттанған. Үйінен 500 метрдей жер жүрген оны найзағай соққан. 
Жыл сайын облыста найзағай соққысынан, әсіресе, мал бағатын адамдар мерт болады. Қатты жауын кезінде олар ат үстінде болады және ары-бері қозғалып жүреді. Қатты жаңбыр болғанда қозғалмау керек, аттан түсіп тапжылмай отыра тұрған дұрыс, - делінген ТЖД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы