ШҚО-да мыңға жуық жас кәсіпкерлік курстан өтті

11 Қыркүйек 2019, 17:21
1312
Бөлісу:
ШҚО-да мыңға жуық жас кәсіпкерлік курстан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да жыл басынан бері мыңға тарта жас кәсіпкерлік курсынан өтті, деп хабарлады Алтайньюс.

Олардың ішінен бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шыққан 800-ден астам жасқа 500 мың теңгелік грант берілуі мүмкін.

«Жас кәсіпкер» оқуынан өткендердің қызықты жоспарлары көп-ақ. Бірі құлпынайды гидропоника, яғни топырақсыз, жасанды қоректендіргіш ортада өсіремін десе, екіншісі автокөлік орындықтарының тысын тігетін цех ашпақшы.

Зайсан ауданынан келген Жандос Қабдырасылов болса, ауыл халқына компьютер курсын жүргізбек.

«Қазір барлығы IT саласына көшіріліп жатыр. Десе де алыс ауылдардағы ағайынға арнайы курстар керек-ақ», - дейді болашақ кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы