ШҚО-да коронавирус жұқтырған 23 адам анықталды

29 Мамыр 2020, 09:01
1388
Бөлісу:
ШҚО-да коронавирус жұқтырған 23 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам анықталды.

Олардың 19-ы – Семей, 3-еуі – Өскемен, 1 науқас Риддер қаласының тұрғыны.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 21 науқас бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлғалар, қалған екеуі шет елден (РФ) келген бетте тексеруден өткен Қазақстан азаматтары. Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Риддер қаласы тұрғынының жағдайы карантин және тексеру орны бойынша Шемонаиха ауданына жатқызылды.

Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
97 КВИ жағдайдың 12-сі сырттан әкелінген, 85 – жергілікті жағдай, оның ішінде Өскеменде 11, Семейде 76 жағдай, Шемонаиха ауданында сырттан әкелінген 5, Глубокоеда 2, Абай, Тарбағатай және Аягөз (сырттан әкелінген) аудандарында 1 жағдайдан, - делінген хабарламада. 


Өзгелердің жаңалығы