ШҚО-да колледждерді цифрландыру жобасы іске асырылуда

19 Мамыр 2019, 14:48
2493
Бөлісу:
ШҚО-да колледждерді цифрландыру жобасы іске асырылуда

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста өңір басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен қолға алынған білімді цифрландыру бағдарламалары сәтті іске асырылуда. Бұл жөнінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева хабарлады. 

«Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіби-техникалық білімнің бірыңғай платформасы» жобасы аясында Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті «Шығыс Қазақстан облысы колледждерін Цифрландыру» жобасын іске асыруда. Аталмыш жүйе 2018 жылдың маусым айынан бастап өңіріміздегі 39 колледжге енгізілген. Биылғы жылдың маусым айынан біз бұл бағдарламаны жекеменшік 30 колледждің базасына енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Жадыра Түсіпханқызы. 

Жауапты тұлғаның айтуынша, аталмыш жүйенің бір ерекшелігі - ондағы ақпараттардың біріктіріліп берілуінде көрінеді. Ақпараттың облыстық Білім басқармасына қолжетімді екенін алға тартқан ол бұл жүйе қазіргі уақытта білім жүйесіне енгізіліп жатқан басқа да республикалық бағдарламалармен үйлестіріле жасалғанын айтады. 

«Атап айтсақ, оның бірі электронды қызмет көрсету платформасы. Біз қазіргі уақытта онда 8 колледжге қызмет көрсететін арнайы электронды сервисті қостық. Ол қызмет түрлі құжаттардың электронды нұсқасын алуға көмектеседі. Бүгінгі таңда университет мамандары аталмыш жүйені білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған республикалық Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктіру бағытында жұмыс істеуде», - деп қосты Жадыра Қоңырбаева.

Өзгелердің жаңалығы