Бас жаңалықтар
ШҚО-да «Киелі Алтай» фотоэкспедициясы басталады
17 Шілде 2019, 01:58 315

ШҚО-да «Киелі Алтай» фотоэкспедициясы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облысымызда республикадағы үздік фотоөнер шеберлерінің жетекшілігімен «Киелі Алтай» фотоэкспедиция өтеді. Шараның ұйымдастырушысы – «Шығыс Ақпарат» медиахолдингі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Республикалық деңгейдегі экспедицияға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер фототілшісі Нұрманбет Қизатұлы, «National Geographic Қазақстан» журналының шеф-фотографы Ерболат Шадрахов сынды кәсіби мамандар қатысады.

2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты қатысушылардың дені еліміздегі талантты жас фотосуретшілерден құралған.

Фотографтар 17 шілде күні Берелдегі теңдесі жоқ аспан асты мұражайына жол тартып, тарихтан сыр шертетін фотосуреттер жасайды. Сондай-ақ, олар Мұзтаудың сұлулығы мен Алтайдағы көне «Аустрия жолын» да суретке түсіріп, өңірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысады.

Экспедицияның мақсаты - Алтай өңірінің табиғаты мен тарихи жерлерін жаңа форматта көрсету, Шығыс өңіріндегі туризм саласының дамуына үлес қосу, жас фотосуретшілердің тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауына жағдай жасау.

«Жастар жылына орай көбінесе жас фотографтарды алды. Солар үйренсін білсін деген ниет. Сондай ақ, Алтайдың табиғатын, Берелді фото арқылы әлемге паш етсек деген мақсат бар», - дейді «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы.

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...