Бас жаңалықтар
ШҚО-да ханбалықты шарбақта өсіру әдісі қарқын алып келеді
14 Тамыз 2020, 20:16 244

ШҚО-да ханбалықты шарбақта өсіру әдісі қарқын алып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ханбалық өсіретін шаруашылықтарының жұмысын қатаң бақылауда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

2006 жылдан бастап балық ресурстарын пайдалануды реттеу ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) келісімшарты бойынша пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) ұзақ мерзімге бекітіп беру арқылы өңірдегі балық өсіруші шаруа қожалықтары өз кәсібін дөңгелетіп, министрлік алдындағы міндеттемелерін толық орындап отыр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары су айдындарын пайдалануға алған шаруалардың миллериациялық жұмыстарды жүргізуін, жағажайларды таза ұстауын, бизнес субъектілеріне берілген аумақ қорықшыларымен қорғалуын, қысқы уақыттарда мұз астындағы балықтарға ауа өткізу түтікшелерін орнатуын, рұқсат етілген мөлшерден артық балық ауламауын және ең бастысы ауланған балық көлеміне байланысты жыл сайын жаңа шабақтарды суға жіберулерін қадағалап отырады. 
    
2020 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығы су айдындарында халықаралық және республикалық маңызы бар 60 учаске бар. Оның 24-і бекітіліп берілген және сонымен қатар жергілікті маңызы бар 96 су айдыны бар, оның 27-сі 22 пайдаланушыға бекітіліп берілген.

Қазір Өскемен қаласының іргесінде ханбалықты (форель) шарбақта өсіретін қожалықтардың да жұмысын қарқын алып келеді. Өңірдегі екі кәсіпорын Қазақстан халқын ханбалықбен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ шаруа қожалықтары адамдардың экомәдениетін қалыптастыру үшін спорттық балық аулау орындарын ашқан. Бұл бірінші кезекте адамдар жаппай тыйым салынған аулармен балық аулауларын тоқтату үшін жасалса, екінші жағынан демалысты тиімді әрі қызықты өткізу үшін істеліп отыр.  

Ханбалықты шарбақта өсірумен айналысатын бірінші қожалық 2020 жылдың сәуір айында 300,0 мың дана - көкшұбардың (рипус) шабақтары, салмағы 0,003 грамм 300,0 мың дана - пайдабалықтың (пелядь) шабақтарын балықтандыру жұмыстарын жүргізді. 2030 жылға дейін балық өнімдері көлемін жылына 1200 тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2,16 млрд. теңге. 2019 жылы албырт балық түрлері өндірісінің көлемі – 54,2 тоннаны құраған. 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап 2020 жылғы 1 шілде аралығында кәсіпшілік балық аулау лимиті 1, 833 тоннаны құрайды, оның ішінде "ГрандФиш" ЖШС-пен бірінші жарты жылдықта игерілу 1, 833 тоннаны құрайды.

Ал Ханбалықты шарбақта өсірумен айналысатын екінші қожалықта 2020 жылдың 1 жартыжылдығында Даму жоспары бойынша орындалу 76994,2 мың теңгені құрады. II тоқсанда шарбақтар сатып алу жоспарланған. Жағалау инфрақұрылымын құру үшін, спорттық балық аулауды ұйымдастыру үшін 1500,0 мың теңге сомаға күрке құрастырылды және пайдалануға берілді. Өзінің жеке инкубациялық цехы бар. Онда отырғызу материалдарын өз күштерімен инкубациялық кезеңнен өткізеді және өсіреді. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында ханбалықтың 300 мың дана уылдырығы сатып алынды және инкубациялық кезеңнен ойдағыдай өткізілді. Уылдырық сатып алуға жұмсалған сома 2 310,0 мың теңге. Балыққа арналған азық сатып алуға жұмсалған сома 11, 795, 3 мың теңге.
Ертіс су бассейні Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы бассейндерінің ішінде көлемі бойынша үшінші орынға ие. Балық шаруашылығын дамытуға балық шаруашылығы су айдындарының қомақты қоры және ондағы балық қоры негіз болады. Ол балық шаруашылығы су айдындарының қатарына төмендегі басты су айдындары кіреді:

- Жайсан (Зайсан) көлі,

- Бұқтырма су қоймасы,

- Шүлбі су қоймасы,

- Өскемен су қоймасы,

- ШҚО облысы шегінде Ертіс өзені,

- ШҚО бойынша жергілікті маңызы бар су айдындары,

- ШҚО шегіндегі Алакөл көлдері.

Фото: дереккөз
Загрузка...