ШҚО-да карантин уақыты ұзартылды

13 Мамыр 2020, 00:05
1908
Бөлісу:
ШҚО-да карантин уақыты ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 мамырдан бастап, Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынды. Шынын айту керек, бұл екі ай біз үшін ауыр сынақ болды. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында Шығыс Қазақстан аумағында COVID-19 вирусының кең таралуына жол берілген жоқ.

ШҚО әкімі Даниял Ахметов осылай деді.

Алайда, қазіргі уақытта Семей қаласында жағдай өте күрделі. Тек соңғы бес күнде науқастар саны еселеп артты. Облыстағы 53 коронавирус жағдайының 43-і Семейде тіркеліп отыр. Негізгі ошақ болған Шығыс шағын ауданында коронавирустың 26 жағдайы анықталғанын баса айтқым келеді. Өкінішке орай, бұл семейліктердің өз өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарауының салдары. Мәселен, немересінің туған күнін тойлау 9 адамның, оның ішінде әжесінің денсаулығына қауіп төндірді. Ал елордадан келген жерлесіміз 15 адамның коронавирус жұқтыруына себепші болды - дейді әкім.

Осы орайда, Семейде қосымша карантин шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. 

Қаладан шығуға, кіруге тыйым салынады. Семей мен Өскемендегі қоғамдық көлік проблемалары туралы білемін. Сондықтан қала әкімдеріне автобус санын арттыруды тапсырамын. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша карантин шаралары 2020 жылғы 1-маусым күні сағат 7.00-ге дейін жалғасады. Мен қысқа уақыт ішінде Семей қаласында жағдай тұрақталып, жақын арада өңір тұрғындары әдеттегі өмір салтына оралады деп үміттенемін - делінген әкім мәлімдемесінде.

Өзгелердің жаңалығы