Өңірлердегі карантин қашанға дейін жалғасады

12 Мамыр 2020, 20:45
2435
Бөлісу:
Өңірлердегі карантин қашанға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020_kz Telegram парақшасында хабарлады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған.

Ал Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді.

Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін созылады.


Өзгелердің жаңалығы